"Олар менің күшейгенімді мойындамайды" — Еркебұлан Тоқтардың сөзі желіні шулатты

Сарапшы, спорт журналисі

ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандық Тимур Никулинмен өткен жекпе-жектен кейін дауға ұласқан нәтижеге байланысты ой бөлісті. Оның айтуынша, қарсыласында айқас кезінде денсаулыққа қатысты мәселелер болуы мүмкін.

"Олар менің күшейгенімді мойындамайды" — Еркебұлан Тоқтардың сөзі желіні шулатты
instagram/@erkebulan_toktar

"Көзінен-ақ білінді": Тоқтардың пайымы

Тоқтар Instagram парақшасында бір сұхбатты көргеннен кейін Никулин жайлы айтылып жүрген пікірлерге тоқталған.

Оның сөзінше, кейбір тараптар бұл кездесуде Тоқтардың күшейгенін мойындағаннан гөрі "Никулин әлсіреп қалды" деген нұсқаны алға тартып отыр. Дегенмен Еркебұлан қарсыласының жағдайы шынымен де күмән тудырғанын жасырмады.

Тоқтар Никулиннің көзқарасынан-ақ өзін жайсыз сезінгенін аңғарғанын айтты. Сондай-ақ ол жекпе-жек алдындағы сәттер түсірілген видеоны мысалға келтіріп, өзінің рингке қалай шыққаны мен қарсыласының көңіл-күйін салыстыруға болатынын жеткізді.

Тоқтар өз тәжірибесін еске алды

Қазақстандық файтер бұл жағдайды жеке басынан өткен кезеңмен байланыстырып түсіндірді. Оның айтуынша, шамамен үш жыл бұрын қатарынан екі рет жеңілген соң мотивациясы төмендеп, жаттығуға да зауқы соқпаған уақыт болған.

Сол кезеңде жекпе-жекке шығуға құлқы болмағанымен амалсыз шыққанын, ақыры жеңіліп қалғанын еске алды. Бұл мысалды келтіре отырып, Тоқтар кей спортшының рингке ішкі дайындығы мен психологиялық күйі нәтижеге тікелей әсер ететінін меңзеді.

Еркебұлан Тоқтар мен Тимур Никулин арасындағы айқас 26 желтоқсанда Ташкенттегі бокс кешінде ұйымдастырылды.

Тоқтар күтпеген жерден 73-секундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір