Джейк Пол әйелдерге арналған жаңа бокс лигасын ашты

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық блогер әрі боксшы Джейк Пол әйелдер боксын дамытуға бағытталған жаңа жобасын таныстырды. Оның промоутерлік компаниясы Most Valuable Promotions енді MVPW атты арнайы платформаны іске қосып отыр.

Джейк Пол әйелдерге арналған жаңа бокс лигасын ашты
bbc.com

ESPN-мен ұзақмерзімді келісім жасалды

Жаңа лиганы дамыту жолында MVP компаниясы ірі медиасеріктеспен де келісімге келді. Промоутерлік ұйым ESPN арнасымен 2028 жылға дейін есептелген келісімшартқа қол қойған.

Алдын ала жоспар бойынша жаңа платформаның алғашқы үш турнирі 2026 жылдың сәуірі мен мамырында өтеді.

Жоба авторлары бұл бастаманы әйелдер боксы үшін маңызды кезең деп бағалап отыр.

MVP компаниясының негізін қалаушылар Накиса Бидариан мен Джейк Пол ортақ мәлімдемесінде әйелдер боксын дамытуға басымдық берілгенін атап өтті. Олардың сөзінше, компания құрылған сәттен бастап әлемнің мықты боксшы қыздарына арналған үлкен платформа қалыптастыру негізгі мақсаттардың бірі болған.

Алғашқы турнир қашан өтеді?

Жаңа сериядағы алғашқы кеш MVPW-01 атауымен 5 сәуір күні Лондондағы Olympia Events аренасында ұйымдастырылады.

Бұл кеш әйелдер боксына қызығушылық танытатын жанкүйерлер үшін маңызды оқиға болмақ. Себебі алғашқы турнирдің өзінде чемпиондық деңгейдегі айқас жоспарланған.

Алғашқы турнирдің негізгі оқиғасы жеңіл салмақтағы (61 келіге дейін) біріктіру жекпе-жегі болады.

Шаршы алаңда WBC чемпионы Кэролайн Дюбуа мен WBO белбеуінің иегері Терри Харпер өзара мықтыны анықтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір