Қазақстандық дзюдошы Австриядағы беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Линц қаласындағы әлемдік Гран-при кезеңінде Әділет Алмат 81 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Қазақстандық дзюдошы Австриядағы беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Жас спортшының жарқын жеңісі

21 жастағы отандасымыз финалда әзербайжандық Вузал Галандарзадемен кездесіп, тартысты белдесуде жеңіске жетті.

Әділет Алмат жекпе-жекті белсенді бастап, шабуылға жиі шықты. Алайда кездесу басында қарсыласына юко ұпайын жіберіп алды. Соған қарамастан жылдам ес жиып, қарқынын үдете түсті.

Әсерлі әдіс жасап, кейін қарсыласын ұстап қалу арқылы айқын басымдықпен жеңісті жұлып әкетті. Осылайша қазақстандық дзюдошы Линцтегі әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанды.

Әділет Алматтың турнирдегі жеңіс жолы

Қазақстандық спортшы жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласын жарыс жолынан шығарды:

  • 1/32 финал: Киприан Грибинет (Молдова) 
  • 1/16 финал: Габриэль Фалькао (Бразилия)
  • 1/8 финал: Саад Дикаев (Эстония)
  • 1/4 финал: Омар Ражабли (Әзербайжан)
  • 1/2 финал: Василье Гружичич (Сербия)

Әділет Алмат — қазақстандық дзюдоның болашағынан мол үміт күттіретін спортшылардың бірі. Ол бұған дейін де халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткен.

Оның басты жетістіктері:

  • Berlin Junior European Cup 2024 чемпионы
  • La Nucia European Open 2025 чемпионы
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір