Жуырда танымал ұйымның жаңартылған рейтингі жария болды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC рейтингінде позициясын жақсартты. Жаңартылған тізімде ол ең жеңіл салмақ дәрежесінде жетінші орынға көтерілді.
UFC жариялаған соңғы рейтингке сәйкес, Асу Алмабаев (23-3) бұған дейінгі тоғызыншы орыннан жетінші орынға көтерілді. Осылайша қазақстандық файтер дивизионның ТОП-5 үздіктеріне бұрынғыдан да жақындай түсті.
Ал бұл арада мексикалық танымал файтер Брэндон Морено (23-10-2) екі сатыға төмендеп, тоғызыншы орынға сырғыды.
Айта кетейік, жақында Мехикода өткен UFC Fight Night 268 турнирінде Брэндон Морено күтпеген жерден жеңіліп қалды. Ол ағылшын файтері Лонир Каванаға (10-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберді.