Санкт-Петербургте қазақстандық боксшының жекпе-жегі техникалық нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Дастан Сәдуұлы IBA.PRO 15 бокс кешінде ресейлік, жеңілмеген боксшы Тамерлан Оздоевпен қолғап түйістіріп, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Санкт-Петербургте қазақстандық боксшының жекпе-жегі техникалық нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
instagram/@dastan_saduuly

Санкт-Петербургтегі бокс кеші

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дастан Сәдуұлы (12-3, 12 КО) Санкт-Петербургте ұйымдастырылған IBA.PRO 15 турнирінде бақ сынады. Жеңіл салмақта өткен айқаста оның қарсыласы ресейлік Тамерлан Оздоев (4-0, 2 КО) болды. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен толық қашықтыққа созылған жоқ.

Жекпе-жек бесінші раундқа жетпей тоқтатылды

Төртінші раунд аяқталған соң қазақстандық боксшының бұрышы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Соның нәтижесінде бесінші раундта Тамерлан Оздоев техникалық нокаутпен жеңімпаз деп танылды.

Осы жеңістен кейін ресейлік былғары қолғап шебері кәсіпқой мансабындағы жеңіліссіз сериясын бес жекпе-жекке дейін ұзартты. Ал Дастан Сәдуұлы үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, Дастан Сәдуұлының бұған дейінгі жекпе-жегі де Санкт-Петербургте, нақтырақ айтқанда былтыр 8 желтоқсанында өткен. Сол кезде жергілікті Алексей Мазурдан мерзімінен бұрын жеңілген еді.

Сондай-ақ Сәдуұлы 2025 жылы рингке қайта оралғанға дейін үш жылға жуық уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген. Ұзақ үзілістен кейінгі кезең әзірге қазақстандық боксшы үшін сәтсіз өрбіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір