Ризабек Айтмұқан реванш алдында олимпиада чемпионымен көз арбасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық балуан АҚШ-тағы маңызды жекпе-жекке дайын.

Ризабек Айтмұқан реванш алдында олимпиада чемпионымен көз арбасты (ВИДЕО)
NUR.KZ

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен реванш алдында дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты.

Екі спортшы АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирі қарсаңында бетпе-бет кездесті. 

Қарсылас – Олимпиада чемпионы

Ризабек Айтмұқанның қарсыласы – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Кайл Снайдер. Америкалық балуан бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айтмұқан мен Снайдер арасындағы реванш 19 сәуір күні таңертең (Қазақстан уақытымен) өтеді. Бұл дода RAF 08 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі болмақ.