Төрехан Сабырхан рейтингте әлсіреп қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ боксының жарық жұлдызы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, бірқатар рейтингте кейін шегінді.

Төрехан Сабырхан рейтингте әлсіреп қалды
vesti.kz

Азия чемпионатындағы сәтсіз финал

Қазақ боксының ең талантты өкілдерінің бірі саналатын Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы бокстағы алғашқы ірі сәтсіздігіне тап болды. Бұған дейін жанкүйер сенімін толық ақтап келген жас боксшы Азия чемпионатының финалында күтпеген жерден сүрінді.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен құрлық біріншілігінің шешуші жекпе-жегінде иорданиялық Зияд Ешаашқа есе жіберді. Төрешілер жеңісті қарсыласқа бірауыздан берді.

Жеңіліске не себеп болды?

Финалдық айқаста Төрехан Сабырхан өз мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ. Жекпе-жек барысында әдеттегі белсенділігін байқатпады, қорғаныста да осал тұстарын көрсетті. Ал Зияд Ешааш керісінше, өте жинақы, батыл және соңына дейін қысым жасап жұдырықтасты. 

Сондықтан бұл нәтижені даулы шешім деу қиын. Қарсылас жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, жеңіске лайық өнер көрсетті.

Төрехан Сабырханның жеңісті сериясы үзілді

Төрехан Сабырхан ересектер боксына ерекше қарқынмен енген еді. Ол 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан чемпионатында топ жарып, содан кейін ұзақ уақыт бойы жеңілістің не екенін білмеді.

Осы аралықта қазақстандық боксшы бірнеше ірі халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. 

  • “Странджа кубогын”
  • Thailand Open турнирін
  • әлем чемпионатын
  • Boxam жарысын жоғары деңгейде өткізіп, көп жағдайда турнирдің ең үздік боксшысы ретінде танылды.

Алғашқы жеңіліс рейтингке әсер етті

Азия чемпионатындағы бұл жеңіліс Төрехан Сабырханның турнирлік және статистикалық жағдайына бірден әсер етті. Орта салмақтағы боксшылар рейтингінде Қазақстандағы басты қарсыластарының бірі Абылайхан Жүсіповке жол берді.

Сондай-ақ салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын үздік әуесқой боксшылар тізімінде де төмен құлдырап, 30-орынға сырғыды.