ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Назым Қызайбай әлем кубогын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Назым Қызайбай World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем кубогының алғашқы кезеңінде келесі айналымға жолдама алды.

Назым Қызайбай әлем кубогын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Алғашқы кездесудегі жеңіс

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық былғары қолғап шебері 1/16 финалда түркиялық Айшен Ташқынмен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған кездесудің қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Қызайбайға берді.

Осылайша қазақ қызы турнирдің келесі кезеңіне өтті. 

Назым Қызайбайдың спорттағы жетістіктері

Назым Қызайбай – Қазақстан боксының ең жарқын өкілдерінің бірі. Ол:

  • 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
  • Үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025 IBA)
  • 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2021 жылғы Азия чемпионы

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласындағы әлем кубогы 26 сәуірде мәресіне жетеді. Бұл додаға әлемнің 50 елінен 400-ден астам былғары қолғап шебері қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.