Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіргенімен жеңіліске ұшырады
Бокстан Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының бірінші кезеңінде Бағлан Кенжебек алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Үшінші раундтағы нокдаун
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финалыда оған армениялық Жирайр Саргсян қарсы тұрды. Үш раундқа созылған кездесудің қорытындысында төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Саргсянға спортшыға берді.
Осылайша Жирайр Саргсян турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды, ал Бағлан Кенжебек өз өнерін осы сатыда аяқтады.
Айта кетейік, жекпе-жектің үшінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, маңызды эпизодпен көзге түсті. Алайда бұл сәт қорытынды нәтижеге әсер ете алмады.
16 боксшы аттанды
World Boxing ұйымы өткізіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңі 20-26 сәуір аралығында өтуде. Қазақстан құрамасы бұл турнирге жалпы саны 16 боксшымен қатысуда. Олардың қатарында тоғыз ер және жеті әйел боксшы бар.