Әлем кубогы: Қазақстан намысын бүгін кім қорғайды?
Үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Alash.kz
23 сәуір күні Қазақстан құрамасының үш боксшысы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңінде жекпе-жек өткізеді.
Кездесулер күндізгі және түнгі сессияларда өтеді.
Жекпе-жектер кестесі (Қазақстан уақытымен)
Күндізгі сессия (19:00):
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) – Уго Грау (Франция)
Ринг A, 11-жұп
- Алуа Балқыбекова (55 кг) – Златислава Чуканова (Болгария)
Ринг B, 4-жұп
Түнгі сессия (01:00, 24 сәуір):
- Аида Әбікеева (65 кг) – Виктория Жилкова (Чехия)
Ринг A, 5-жұп
Тікелей трансляция
Жекпе-жектердің тікелей эфирі World Boxing платформалары мен серіктес ресурстарда көрсетіледі.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20 сәуірде басталып, 26 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл додаға 16 боксшымен қатысқан. Жалпы жарысқа 50 елден 400-ден астам спортшы жиналған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet