Путин қазақ боксшысын орденмен марапаттады

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан әлем чемпионы Салтанат Меденова Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен "Отан алдындағы еңбегі үшін" II дәрежелі орденімен марапатталды.

Путин қазақ боксшысын орденмен марапаттады
sports.kz

Кремльдегі марапаттау рәсімі

Ресми мәліметке сәйкес, мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі Кремльдің Екатерина залында ұйымдастырылған. Салтанатты шарада бокстан әлем чемпиондары мен Ресей бокс федерациясының өкілдеріне арнайы марапаттар тапсырылған.

Сол рәсім барысында Ресей президенті Владимир Путин Салтанат Меденованы да марапаттады. 

Меденова қандай жетістіктерімен танылды

Салтанат Меденова соңғы жылдары халықаралық және ішкі жарыстарда жоғары нәтижелерімен көзге түсіп жүрген боксшы. Ол:

  • 2025 жылғы IBA әлем чемпионы;
  • Ресейдің үш дүркін чемпионы (2021, 2022, 2024);
  • 2024 жылғы BRICS ойындарының жеңімпазы;
  • 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионы.

Салтанат Меденова Ресейдің Омбы қаласында дүниеге келген. Қыпшақ руынан тарайтын этникалық қазақ. Боксшының айтуынша, оның әжесі үйде қазақ тілінде сөйлейді. Ал ата-анасы қазақ және орыс тілдерін қатар қолданады.