Қазақстан Әлем кубогындағы алғашқы "алтынын" алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бразилияда өткен турнирде қазақстандық боксшы Виктория Графеева финалда жеңіске жетті. 

Қазақстан Әлем кубогындағы алғашқы "алтынын" алды (ВИДЕО)
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Графеева финалда бразилиялық Ребека Сантоспен кездесті. Жекпе-жек өте тартысты өтіп, төрешілер шешімімен аяқталды.

Қорытындысында қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешіммен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Осылайша, Виктория Графеева Қазақстан құрамасына турнирдегі алғашқы алтын медальді алып берді. Ал оның қарсыласы Ребека Сантос өз еліндегі жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Басқа финалистер

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан финалда тағы үш боксшы өнер көрсетеді:

  • Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг)
  • Аида Әбікеева (65 кг)
  • Валерия Аксенова (80+ кг)

World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияда өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен жүздеген спортшы қатысты.