Махмұд Сабырхан бауыры Төреханмен бірге түскен суретін жариялады
Қазақстандық танымал боксшы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында бауыры Төреханмен бірге түскен жаңа суретін көрсетті.
Махмұд Сабырхан Instagram желісіндегі stories бөлімінде жаттығудан кейінгі сәттен фото жариялады. Суретте ағайынды боксшылар қолғап пен жаттығу лапаларын ұстап, спорт залында бірге тұрғанын көруге болады.

Айта кетейік, Төрехан мен Махмұд Сабырхан әуесқой бокста ерекше жетістікке жеткен спортшылардың қатарында. Олар бір әлем чемпионатында жеңіске жеткен ағайынды боксшылар ретінде тарихқа енді. Бұл айтулы оқиға 2025 жылы тіркелді.
Бұған дейін Қазақстан бокс құрамасының 1-12 маусым аралығында Өзбекстан ұлттық командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізетіні хабарланған.
Мұндай дайындық екі ел боксшылары үшін тәжірибе алмасуға, физикалық бабын күшейтуге және алдағы халықаралық жарыстарға сапалы әзірленуге мүмкіндік береді.