ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Дулат Бекбауов WBA экс-чемпионын тізе бүктірді (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде белоруссиялық Евгений Долголевецтен басым түсті.

Дулат Бекбауов WBA экс-чемпионын тізе бүктірді (ВИДЕО)
instagram/@bekbauovdulat

Төртінші жеңіс

Евгений Долголевец WBA Inter-Continental белбеуінің бұрынғы иегері саналады. 

Жекпе-жек сегіз раундқа созылып, оның қорытындысында төрешілер бірауыздан қазақстандықты жеңімпаз деп таныды.

Осылайша Дулат Бекбауов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісін тіркеді Оның жаңартылған көрсеткіші — 4 жеңіс, 0 жеңіліс, соның үшеуі нокаутпен аяқталған.

Евгений Долголевец кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады. Беларусь боксшысының ендігі рекорды — 8 жеңіс, 2 жеңіліс, 4 нокаут.

Басты жекпе-жекте IBO белбеуі сарапқа салынады

Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық Али Ахмедов пен оңтүстікафрикалық Асемахле Веллем қолғап түйістіреді.

Али Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 25 жеңіс, 2 жеңіліс, 17 нокаут. Ал оның қарсыласы Асемахле Веллем бұған дейін 11 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтижеге қол жеткізген.

Қос боксшы жартылай ауыр салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.