Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты тағы да мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
26.10.2024, 12:56

Оның келесі жекпе-жегі британ боксшысына қарсы өтуі тиіс

olympic.kz
olympic.kz

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы – қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады. Былғары қолғап шеберінің айтуынша, ол әлі де жаңалық күтіп жүр екен. Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы - Шираз (21-0, 17 КО) айқасына қатысты келіссөздер уақытын созуға рұқсат берген. 

«Күтіп отырмын! Жауапты да білемін! Менімен ешкім төбелеспейді! Себебі мен орта салмақтың королімін», — деп жазды Әлімханұлы өзінің X-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Хамза Шираз екінші дәрежелі WBC Silver және EBU European белбеулеріне иелік етеді. Ол кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жеткен (17-сі нокаутпен).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 48
👎 4
😂 8
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір