AMC Fight Nights ұйымының президенті Камил Гаджиев қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың қазіргі мәртебесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Шавкаттың ұлттық қаһарман дәрежесіне көтерілгеніне шын жүректен қуаныштымын. ММА спортшылары осындай биіктерге жетіп жатқаны қуантады. Қазір Шавкат туралы кезінде Геннадий Головкин туралы айтқандай айтады. Егер Шавкат UFC чемпионы атағын жеңіп алса, сол кезде UFC Қазақстанда өтуі де мүмкін деп ойлаймын», — деді Гаджиев өзінің YouTube арнасында.
Гаджиев Рахмоновты UFC жұлдызымен болатын кездесу алдында сақтандыру мақсатында да пікірін білдірді.
Белгілі болғандай, Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде өнер көрсетуі тиіс еді. Оның қарсыласы жартылай орта салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Белал Мұхаммад болу керек еді, бірақ америкалық палестиналық спортшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді ұйымдастырушылар қазақстандыққа лайықты қарсылас іздестіруде. Рахмоновқа мүмкін қарсыластардың бірі — нигериялық текті америкалық Камару Усман, промоушеннің экс-чемпионы ретінде аталды.
Айта кетейік, Рахмонов биыл әлі октагонға шықпаған. Соңғы рет ол 2023 жылдың желтоқсанында Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді.