Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Спортшы антидопингтік ережелерді өрескел бұзған.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қазақ боксшысы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы msports.kz хабарлады.
Спортшыны шеттетуге себеп – антидопингтік ережелерді бұзуы. Халықаралық допингке тестілеу агенттігінің (ITA) есебіне сәйкес, Тойбай өзінің орналасқан жері туралы міндетті ақпаратты ұсынбаған. Бұл антидопингтік ережелерді қатаң бұзу болып саналады.
Осыған байланысты IBA боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін спорттан шеттету туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған, ал 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған еді.