![Садриддин Ахмедов 16 нокауты бар мексикалық боксшымен кездеседі](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/05/67a30e169ea9d796879456.jpg)
Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) 19 сәуірде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жек АҚШ-тың Коммерс қаласында өтеді. Бокс кешінің ең басты оқиғасы болады. Садриддин желтоқсан айында өткен жекпе-жегінде АҚШ-тың Санта-Йнез қаласында жергілікті боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберген еді.