Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасында ел чемпиондары кім?

Жекпе-жек шолушысы

22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа 237 спортшы қатысты. 

Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасында ел чемпиондары кім?
olympic.kz

Чемпионаттың ерекшелігі

Бұл турнирдің басты айырмашылығы – 3-орын үшін жекпе-жектердің ұйымдастырылуы болды. Бұл жаңа жүйе боксшыларға қосымша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Арнайы номинациялар жеңімпаздары

Турнир барысында ерекше көзге түскен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды:

  • Ең үздік боксшы – Диас Берікбай (Жетісу облысы)
  • Ең үздік техникалық шеберлігімен танылған боксшы – Бақтияр Анарбаев (Түркістан облысы)
  • Жеңіске деген жігері үшін – Ибрагим Бетаев (Астана)

Жалпы командалық есеп

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы үздік атанды.