Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін тізе бүктірді (ВИДЕО)
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Азамат Дәулетбеков Алматыда өткен PWL 8 (Professional Wrestling League) турнирінде айқын жеңіске жетті.
86 кг салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков Беларусь елінің балуаны Магомедхабиб Кадимагомедовпен белдесті.
Қазақстандық спортшы Олимпиада жүлдегерін тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек видеосын төменнен көре аласыз.
Дәулетбековтің жетістіктері:
- 2022, 2023, 2024 жылдардағы үш дүркін Азия чемпионы
- 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (Белград, Сербия)
Кадимагомедовтің атақтары:
2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Бұл туралы не ойлайсыз?