Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Аяғым істемей қалды": ММА жекпе-жек шебері Александр Емельяненко ауруханадан видео жолдады

Сарапшы, спорт журналисі
05.03.2025, 18:50

Ресейлік аралас жекпе-жек (MMA) шебері Александр Емельяненко денсаулығының күрт нашарлағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, омыртқадағы жарық жұлынға қатты қысым түсіріп, аяқтарының қозғалысын тежеген. Спортшыға алдағы уақытта ота жасалып, толық оңалту процесі 10 айға созылады.

rambler.ru
rambler.ru

Емельяненконың жағдайы қалай?

Жекпе-жек шебері бұл туралы өзінің Telegram-арнасында ауруханадан видео жариялап, жағдайын баяндады.

"Біреулер үшін бұл жағымсыз жаңалық болса, біреулер қуанатын шығар. Ал кейбіреулерге бәрібір. Менің омыртқамдағы дискілер ажырап, жарық пайда болды. Ол жұлынға қатты қысым жасап, аяқтарымды жансыздандырды. Дәрігермен сөйлестім, операция жасалады, содан кейін оңалтуға 10 ай кетеді.

10 ай бойы маған жекпе-жектерге қатысуға және жаттығуға тыйым салынады. Сондықтан Беларусьтегі Тарасовпен жекпе-жек өтпейді немесе кейінге шегеріледі. Енді емделуге және сауығуға көңіл бөлемін", – деді Емельяненко.

Беларусьтегі жекпе-жек кейінге қалды

Ресейлік спортшы 29 наурызда Беларусьте өтетін "Осьминог-5" турнирінде Артем Тарасовпен жекпе-жек өткізуі керек еді.

Бұған дейін 2021 жылдың қазан айында "Наше Дело" поп-ММА лигасында өткен алғашқы жекпе-жекте Александр Емельяненко төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Емельяненконың ММА мансабы

Жалпы 39 жекпе-жек өткізген

  • 29 жеңіс (нокаут және шешім арқылы)
  • 9 жеңіліс
  • 1 тең нәтиже

Қазір спортшының болашақ мансабы мен рингке оралу мерзімі белгісіз. Бірақ ол толық емделіп, спортқа қайта оралатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір