
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жорығын бастады.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда рингке шыққан Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласынан айқын басым түсіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңістің арқасында Карина Ибрагимова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды және жүлделі орындарға таласын жалғастырады. Айта кетейік, Ибрагимова бұған дейін де әлемдік ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген тәжірибелі спортшы. Оның жетістіктері қатарында:
Карина Ибрагимованың қарсыласы Валерия Арболеда Мендоса да беделді боксшылардың бірі. Оның мансабындағы ең үлкен жетістігі — Панамерикалық ойындардың күміс жүлдесі.