
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті қарсыласын жеңді.
70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Богданова 1/4 финалда сербиялық Милена Матовичпен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы тартысты өткен жекпе-жекте 4:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша, Наталья Богданова кем дегенде қола медальді қанжығасына байлады. Айта кетейік, ол қазіргі таңда Азия чемпионы және 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.
Ал Милена Матович былтырғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері әрі Сербияның сегіз дүркін чемпионы.
Сонымен қатар, 63 кг салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық боксшы Аида Әбікеева да жартылай финалға өтті. 1/8 финалда ол түркиялық Лёк Эсманурмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Жекпе-жектің үшінші раундында түркиялық спортшы нокдаунға түсті.
Әбікеева да осы жеңіспен кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ол былтыр Чиангмай (Тайланд) қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, құрлық чемпионы атанған еді.