Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай: "Отбасы мен спорт арасында таңдау жасадым"

Редактор Penalty.kz
02.04.2025, 21:24

Белгілі қазақстандық боксшы мансап пен тұрмысты қатар алып жүру мүмкін еместігін ашық айтты. 

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Әлемнің үш дүркін чемпионы, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай болашақ өмірлік жоспары туралы пікір білдіріп, бокс пен отбасылық өмірдің бір-бірімен үйлеспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Марат Оралғазиннің "Қызық TIMES" бағдарламасында айтты.

Назымның айтуынша, егер тұрмысқа шығып бала көтерсе, спорттық мансабын жалғастыру мүмкін болмас еді:

"Жақында Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ол — бес баланың анасы. Бірақ менің ойымша, әйел адам үйленгеннен кейін боксты тоқтатуы керек. Себебі баланы ең бірінші болып тәрбиелейтін – ана. Егер спортты жалғастырып, жарыстарға қатысып, бар уақытыңды жаттығуға жұмсасаң, баланың өсуі мен дамуын толыққанды көре алмайсың. Сондықтан бұл тұрғыда менің көзқарасым басқаша".

Назымның бұл пікірі қоғамда түрлі реакция туғызып жатыр. Біреулер оның шешімін қолдаса, енді біреулер әйелдің мансап пен отбасын қатар алып жүре алатынын айтады. Дегенмен Назым өз жолын өзі таңдағанын және бұл таңдау құрметке лайық екенін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір