Барлық жаңалықтар
"Адамдар жерде жатты": Англияда "Ливерпуль" жанкүйерлерін көлік жаншып өтті (ВИДЕО)
Англия Премьер-лигасындағы "Ливерпульдің" жеңісін тойлау қайғылы жағдаймен аяқталды. Мыңдаған жанкүйер жиналған сәтте автокөлік адамдар тобын қағып өтті. Елдің премьер-министрі оқиғаға дереу жауап қатты.
Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)
Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Фатахқа" қарсы ойында гол соғып, әлем футболында жаңа рекорд орнатты.
Неймар неге Бразилия құрамасына шақырылмады? Анчелотти нақты түсіндірді
Бразилия ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Карло Анчелотти Неймардың неге маусым айындағы матчтарға шақырылмағанын түсіндірді.
"Жүгіріп барып көмектесті": Димаш құлап қалған операторды орнынан тұрғызды (ВИДЕО)
Әнші Димаш Құдайберген фан-кездесу кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалған операторға көмектесті. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалды.
Forbes тізіміндегі миллиардер "Астанаға" көмекке келді
Қазақстандық кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев "Астана" ФК директорлар кеңесіне кірді. Бизнесмен бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қуат Хамитов UFC аңызының шабуылына ұшырай жаздады (ВИДЕО)
Қазақстандық ММА шебері Қуат "Найман" Хамитов UFC-дің бұрынғы жұлдызы Хорхе Масвидальмен бірлескен видеосын жариялады. Тәжірибелі америкалық спортшы қазақстандық файтерге еркін күрестен шеберлік сабағын өткізді.
"Фотошоп емес, спорт": Сәбина Алтынбекова мінсіз мүсінімен елді тәнті етті (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жаңа видеосымен жанкүйерлерін қуантты. Спортшы қыздың дене пішіні мен дайындығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Әлем чемпионатындағы керемет камбэк: Қазақстан АҚШ құрамасын жеңді (ВИДЕО)
Бакудегі WMF нұсқасы бойынша 6x6 шағын футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан басым түсті.
Сульшер Зайнутдиновтың "Бешікташтағы" болашағына нүкте қойды
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жазғы трансферлік терезеде түркиялық клубтан кетуі мүмкін.
Допинг үшін шеттетілген қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілін нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Тараздағы кәсіби бокс кешінде Серік Абзал өзінің алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты.
ӘЧ-2034: Сауд Арабиясы алкогольге қатысты шешім шығарды
Елде 1952 жылдан бері тыйым салынған ішімдіктер енді арнайы туристік аймақтарда сатылмақ.
"Атырау" клубының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстандық маман Қуаныш Қабдолов Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Атырау" ФК бас жаттықтырушысы қызметінен ресми түрде босатылды.
Ал керек болса! Қытайда кикбоксшы-роботтар арасында турнир өтті (ВИДЕО)
Адам тәрізді құлтемірлер рингке шығып, муай-тай стилінде бір-бірімен жұдырықтасты.
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжаннан кетіп, ҚПЛ-ға оралмақ
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" клубындағы мансабын аяқтап, туған еліне оралуды жөн көрді.
Таиландтағы турнирдің үшінші күні: чемпиондардың үстемдігі, үш жеңіс және үш сәтсіздік
Бангкок қаласында бокстан Қазақстан құрамасы үшін "Thailand Open-2025" халықаралық турнирінің үшінші күні жартылай табысты аяқталды.
“Реалдың” бірде-бір ойыншысы жоқ! Испания құрамасы таңдауымен таңғалдырды
Луис Де ла Фуэнтенің бұл шешімі жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу талқыға түсіп жатыр.
Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ҚФФ жаңа атқарушы комитетіне кірді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңартылған атқарушы комитеті жарияланды. Оның құрамына ірі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және спорт саласының өкілдері енді. Айрықша назар аудартқан есімдердің бірі – Kaspi.kz жетекшісі Михаил Ломтадзе.
Төрехан Сабырхан филиппиндік қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Бокстан "Thailand Open" халықаралық турнирінің ширек финалдық кезеңі басталды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Төрехан Сабырхан филиппиндік Чавез Роналдты жеңді.
Елена Рыбакинаның "Ролан Гарростағы" алғашқы кездесуі драмаға айналды (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы (Roland Garros) алғашқы ойынында қиындыққа тап болып, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.
Шымкентте футбол ойнап жүрген балаға садақ оғы тиіп, жарақат алды (ВИДЕО)
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда футбол ойнап жүрген 11 жастағы балаға садақ оғы тиіп, ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.