Сербияда шаршағандар демалады, ал жаңа жұлдыздар Бразилияға аттанады
Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының әлем кубогына қатысатын құрамы белгілі болды. Бұл турнир 28 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияда World Boxing ұйымының қолдауымен өтеді.
Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен бес қазақстандық балуан бозкілемге шығады
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында 28 наурызда әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бес спортшысы жарысқа қатысады.
Бес балуан, нөл медаль: Қазақстан қыздары Азия чемпионатында неге сүрінді? (ВИДЕО)
Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының бес балуаны бозкілемге шықты. Өкінішке қарай ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады.
TikTok негізін қалаушы Чжан Имин Қытайдағы ең бай адам атанды
TikTok әлеуметтік желісін басқаратын ByteDance компаниясының негізін қалаушы Чжан Имин Қытайдың ең ауқатты азаматына айналды. Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, 2024 жылы оның байлығы 13,6 миллиард долларға өсіп, 2025 жылдың наурыз айының соңында 57,5 миллиард долларға жеткен.
Михаил Шайдоров әлем чемпионатында жүлдеге үмітті (ВИДЕО)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін үздік үштікке ілікті.
"Маған қатысты болып жатқанның бәрі заңсыз". ҚФФ-ның бұрынғы басшысы сотта жауап берді
2025 жылдың 27 наурызында мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары, Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Ерлан Қожағапанов 1 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты іс бойынша сотта жауап берді.
Софья Самоделкина Бостондағы дебютін сәтті бастады (ВИДЕО)
6 жыл үзілістен кейін – Қазақстан мәнерлеп сырғанауға қайта оралды.
«Шара, мен дайынмын!»: «Дағыстандық қазаққа» қарсы кім шығады?
Шара Буллет пен UFC-дің үздік файтерлерінің бірі октагонда жолығуы мүмкін.
Назым Қызайбай саясатқа бет бұрды
Қазақстандық әйгілі боксшы, 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Назым Қызайбай саясат тақырыбына бет бұра бастағандай.
Жасырын қуат әлде қауіп-қатер? Допинг туралы Бәрін Біліп Алыңыз!
Допинг – спортшының күшін жасанды жолмен арттыратын құрал ба, әлде денсаулыққа қатер төндіретін қадам ба?
Есбол Сұлтановтың шәкірттері беделді жарыс қарсаңында жаттығу жиынын өткізді
Алматы облысында таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының кезекті оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Гимнасшылар Грекияда өткен халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді
Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы Афродита кубогында (Aphrodite Cup) тамаша нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз Грекиядағы додада 9 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды,
Қырғызстандық файтер Шевченко UFC ұйымынан шеттетілді
Қырғызстан тумасы, танымал аралас жекпе-жек шебері Антонина Шевченко UFC тізімінен ресми түрде шығарылды.
Баға өсті, түсініктеме жоқ: Invictus Go клиенттері ашуға булықты
Қазақстандағы кең танымал Invictus Go фитнес-клубтар желісі өз клиенттерінің наразылығына тап болды. Соңғы күндері абонемент бағасы күрт өсіп, келушілер арасында қызу пікірталас тудырды. Ең сорақысы — баға өсіміне ресми түсініктеме берілген жоқ.
WTA тыйымы күшін жойды ма? Елена Рыбакина даулы бапкермен қайтадан бірге жаттығуда
Әлемнің сегізінші ракеткасы, Қазақстанның атынан өнер көрсететін теннисші Елена Рыбакина WTA тарапынан тыйым салынған хорват бапкер Стефано Вуковпен қайта жаттығу өткізгені белгілі болды.
"Жекпе-жекке кешіге жаздадым": Алуа Балқыбекова әлем чемпионатындағы ерекше оқиғаны айтты
Алуа Балқыбекова бокстан Сербияда өткен әлем чемпионатында алғашқы кездесуге кешігіп қала жаздаған.
Қазақстандық сұлу боксшы Балауса Мұздыманның қарсыласы өзгерді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның алдағы Жәнібек Әлімханұлы қатысатын бокс кешіндегі қарсыласы ресми түрде өзгерді.
Таиландтағы сенсация. Мысықтілеу ҚФФ. Магнитофон ұрлаған қазақ футболшылары – 1998 жылғы оқиға
Қазақстан әлем чемпионатына шыққанын неге ешкім білмеді?
Риддерде жас босанған ана қошқар көтеру сайысында ерлерді шаң қаптырды (ВИДЕО)
Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген.
Қазақстанның үздік волейболшысы Сербия чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өнер көрсететін сербиялық "Уб" клубы Сербия Суперлигасының тұрақты маусымында үшінші орынды иеленді.