Қазақстанда орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі жеті республикалық маңызы бар автожолда іске қосылды. Жаңа бақылау түрі көлік жүргізушілерінен тек камера алдындағы сәттік жылдамдықты емес, жалпы қозғалыс қарқынын да ескеруді талап етеді. Бұл өзгерістер 2024 жылдың соңынан бастап күшіне енді.
“ҚазАвтоЖол( Ұлттық компаниясының мәліметінше, орташа жылдамдықты есептейтін камералар мына жол учаскелерінде жұмыс істейді:
Бұл жүйеде жүргізушінің белгілі бір жол аралығын қанша уақытта жүріп өткенін есептейді. Егер сіз кейбір жерлерде 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп, тек камераға жақындағанда жылдамдықты төмендетсеңіз де, жалпы орташа көрсеткіш рұқсат етілген шектен асып кетсе — айыппұл салынады.
“Жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау үшін жылдамдық режимін бұзбаңыз”, – деп ескертеді "ҚазАвтоЖол".
Орташа жылдамдықты арттырғаны үшін бөлек жаза енгізілмеген. Айыппұлдар бұрынғы жылдамдықты арттыру ережелеріне сай есептеледі:
Жыл ішінде қайталанған жағдайда:
Бастапқы кезеңде орташа жылдамдықты арттырған жүргізушілерге бірден айыппұл салынбаған. Алайда енді барлық жүргізуші жолдың басынан соңына дейінгі қозғалыс қарқынын ескеруі тиіс. Жол ережесін ешкім байқамады деп ойлау — қате түсінік.