Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қарақатың қайда?» — Желіде Қыдырәлі Болмановқа қатысты видео тарап кетті

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2025, 16:32

Желіде белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың жас қызбен сүйісіп тұрғаны бейнеленген видео тарап, жұрт арасында үлкен дау тудырды. Алайда бұл бейнежазба жасанды интеллект арқылы жасалған жалған видео болып шыққан.

politico.kz
Реклама
Реклама

Қарақат Әбілдина: «Мынау сұмдық қой!»

Қыдырәлінің жары, әнші Қарақат Әбілдина аталған видеоны көріп, қатты ашуланғанын айтты. Оның сөзінше, YouTube желісінде “Қыдырәлі Қарақат” деп іздегенде осындай видеолар «жасанды интеллект» деген сылтаумен жарияланып жатыр.

«Мынаған не дейсіздер? Осындай масқараны көрдіңіздер ме? Елде бұны тексеріп, заң жүзінде жауапқа тартатын тетік бар ма?» – деп ашынды Әбілдина.

Әншінің айтуынша, бейнежазба желіге жақында ғана жүктелген.

Қыдырәлідің жауабы: “Бұл мен емеспін!”

Продюсердің өзі бұл жағдайға қатысты үн қатып, жалған видеоны таратып жүрген адамдарды сынға алды. Ол өзінің ресми парақшасында арнайы жазба қалдырған.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Тағы не шығарар екен мына “белгісіздер”? Егер марқұм әжем көрсе, ойлaнбастан “Әй, Қарақатың қайда?” – деп ақ таяғын алып шығушы еді. Бірақ бұл видео өтірік! Бұл мен емеспін, Құдай сақтасын!» – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Жасанды интеллекттің қаупі

Әнші өз жазбасында қазіргі технологияның жылдам дамып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қоғамдағы жалған ақпарат пен жалған контенттің қауіптілігіне назар аударды.

«Қазір “ИИ” дегенің барған сайын шынайы жасай бастады. Ертең адамдар бір-бірін осылай айнытпай “жасап” шығатын болса, күніміз не болмақ?» – дейді ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары