Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ақмола облысында тәжікстандық 53 жолаушы құтқарылды

Сарапшы, спорт журналисі

Оларды төтенше жағдайлар қызметі мен дәрігерлер қауіпсіз жерге жеткізді.

Ақмола облысында тәжікстандық 53 жолаушы құтқарылды
liter.kz

Ақмола облысында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған 53 шетел азаматы, оның ішінде 8 бала, жолда қалып қойған автобус ішінен құтқарылды. Оларды төтенше жағдайлар қызметі мен дәрігерлер қауіпсіз жерге жеткізді. Автобус жолда бұзылып, ондаған жолаушы суық ауа райында далада қалған.

Хабар түскен бойда Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) құтқарушылары мен медициналық жедел бригадасы оқиға орнына дереу жеткен.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД-нің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев мәлімдеді:

«Автобус бұзылғаннан кейін біздің құтқарушылар жолаушыларды Аршалы ауылындағы жылыту пунктіне эвакуациялады. Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасы барлық азаматтарға тексеру жүргізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ», — деді ол.

Мамандардың айтуынша, автобус жөнделгеннен кейін жолаушылар қайта көлікке отырғызылып, сапарын жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір