Бұрқасын жел және көктайғақ: демалыс күндеріне ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сурет: ашық дереккөздерден
Метеорологтардың мәліметінше, атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ және бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі.
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болмақ.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5...+15°С, солтүстік-батыста 0...+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С шамасында болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet