Жаңа понтифик бала кезден А Сериясындағы клубтың фанаты болып шықты.
Апта басында Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды. Ол - Лев XIV. Бір қызығы, жаңа понтифик дінмен қатар футболды да жақсы көреді екен. Бала кезінен Италияның Серия A чемпионатындағы "Рома" клубының жанкүйері болып шықты.
Жаңа понтификтің жақын досы Джузеппе Пагано бұл туралы былай деді:
«Ол – нағыз "Рома" фанаты. Мен үнемі бұл үшін оны әзілмен түртпектеп жүремін. Жақында ол "Романың" "Фиорентинаны" жеңуін Папа Францисктің алғашқы кереметі деп атаған еді».
Жаңа Папаның футболға деген ықыласын естіген римдік жанкүйерлер қатты қуанып, Дженаццано қасиетті мекенінің маңында понтификпен жолықты. Бір жанкүйерге Лев XIV қолын беріп, "Forza Roma!" – деп айқайлаған.
Ватикан тарихында футбол сүйетін Папалар бұған дейін де болған:
Франциск – Аргентинаның Сан-Лоренсо клубының жанкүйері
Павел VI (1963–1978) – Лацио клубын қолдаған