Рафинья жаңа келісімшартқа келісті

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 05:50

Бразилиялық шабуылшы "Барселонамен" 2029 жылға дейін келісімшартын ұзартпақ. 

liveresult.ru

Рафинья "блаугранамен" берік байланыста

"Барселона" мен Рафинья арасындағы жаңа келісімшарт мәселесі өз шешімін табуға жақын. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Тараптар 2029 жылдың жазына дейін есептелген келісімнің соңғы шарттарын талқылап жатыр. Атап айтқанда, өтемақы сомасы мен кейбір қаржылық нюанстар келісілуде. Бірақ дереккөздің мәліметінше, бұл мәселелер келіссөздер процесіне кері әсер етіп отырған жоқ.

Ағымдағы келісімшарт екі жылдан кейін аяқталады

Қазіргі келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Алайда клуб пен ойыншы оны екі жылға ұзартуды құп көріп отыр. Жаңа құжатқа қол қойылған жағдайда Рафинья каталондық команданың ең жоғары жалақы алатын ойыншыларының бірі атанбақ.

Бразилия құрамасының ойыншысы 2022 жылдан бері "Барселона" сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Рафинья каталондық ұжымда қалғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген.