Сенсация! "Қайрат" пен "Астана" кубоктан шығып қалды

Редактор Penalty.kz
14.05.2025, 23:12

Қазақстан кубогының жартылай финалына қатысатын командалар белгілі болды.

instagram/@fc__ordabasy

Фавориттер күйреді

"Ордабасы" Шымкентте төртінші кезеңде "Қайраттан" 1:0 есебімен басым түсті. 

Петропавлдың "Қызылжары»" Семейдің "Елімай" клубын 0:0 (пенальти 3:1) есебімен жеңді.

"Жеңіс" елордалық дербиде "Астананы" 1:1 (пенальти 4:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Қостанайдың "Тобылы" Түркістанда "Тұранның" қақпасына жауапсыз екі доп соқты.

Жартылай финалда кездесетін командалар:

  • "Қызылжар" (Петропавл) — "Ордабасы" (Шымкент) 
  • "Тобыл" (Қостанай) — "Жеңіс" (Астана) 

Матчтар 25 маусым мен 30-31 тамызда өтеді. Ал финал 1 қарашаға жоспарланған. 

Кубокты жеңген командалардың тарихы

Кубокты қалған үміткерлер арасында:

"Жеңіс" — 3 рет жеңіске жеткен,

"Тобыл" және "Ордабасы" — 2 рет жеңген,

"Қызылжар" — бұл трофейді әлі иеленген жоқ.