Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Семейде 22 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 16:00

Семейде заманауи футбол стадионы бой көтермек. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жаңартылған даму жоспарын таныстыру барысында мәлімдеді.

фото ашық дереккөздерден алынды

Жоба қайта қаралды – стадионның көлемі артты

Алғашқы жоспар бойынша стадион ескі “Пищевик” аренасының орнында салынып, 12 мың көрерменге арналған болу керек еді. Алайда жоба қайта қаралып, енді арена жаңа шағын ауданда бой көтереді. Жаңа нұсқа бойынша оның сыйымдылығы 20–22 мың адамға дейін ұлғайтылды.

Еурокубок деңгейіндегі инфрақұрылым

Стадион UEFA-ның үшінші санатына сай болады. Бұл Қазақстан құрамасының достық кездесулерін, сондай-ақ қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы іріктеу матчтарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстарына KazMinerals компаниясы қаржы бөледі. Жоба биыл басталады деп жоспарланып отыр.