
Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде француз қорғаушысы Ферлан Мендиді сатуды жоспарлап отыр. Бұл шешім клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның тактикалық ұстанымына байланысты қабылданды.
Клубқа жақын дереккөздердің хабарлауынша, Хаби Алонсо ойын жүйесінде шапшаң, шабуылға жиі қосылатын қапталдағы қорғаушыларға басымдық береді. Ал Менди мұндай талаптарға сай емес деп бағаланған. Сондықтан ол бапкердің негізгі құрамдағы жоспарынан тыс қалып отыр.
Ферлан Мендидің жиі жарақат алуы да клубтың шешіміне ықпал еткен. Қазір футболшы жамбас бұлшықетінің сіңірін үзіп алған — бұл жарақат оны кем дегенде қыркүйекке дейін алаңнан тыс қалдырады. Осылайша ол маусым алдындағы дайындық пен "Реал" үшін маңызға ие болатын клубтық әлем чемпионатын өткізіп алуы мүмкін.
Карло Анчелоттидің кезінде Менди команда үшін маңызды ойыншылардың бірі саналды. Бірақ жаңа бапкер келген соң оның болашағы бұлыңғыр болып тұр. Клуб басшылығы ойыншыны тиімді бағаға сатып, трансферден қомақты табыс табуға ниетті.
Еске сала кетейік: