Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англия чемпионатының 2024/25 жылғы маусымында "Манчестер Сити" сапында қола медаль еншіледі. Бұл оның ағылшын футболындағы алғашқы ірі жетістігі.
Премьер-лиганың соңғы турында Хосеп Гвардиоланың шәкірттері "Фулхэмді" 2:0 есебімен жеңіп, 71 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Маусым чемпионы — "Ливерпуль", ал екінші орынды" Арсенал" иеленді.
2024/25 маусымында Абдукодир Хусанов "Манчестер Сити" үшін 9 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Дегенмен сәуір айынан бастап жас қорғаушы алаңға шыққан жоқ. Премьер-лиганың соңғы төрт турында қосалқы құрамда қалса, тағы бес кездесуде мүлде тізімге ілікпеген.
Бұл жағдай жас футболшы үшін кәсіби өсімге кедергі болуы мүмкін. Бірақ командамен бірге маусымды медальмен аяқтауы маңызды моральдық қолдау.
Еске сала кетейік, Абдукодир Хусанов қаңтар айында Францияның "Ланс" клубынан "қалалықтарға" 40 миллион еуроға ауысты. Бұл Өзбекстан футболындағы ең ірі трансферлердің бірі ретінде тіркелді.