
Дохада 2025 жылы өтетін U17 жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе нәтижесінде Өзбекстан U17 құрамасы J тобына түсті. Бұл топта олар Парагвай, Панама және Ирландия құрамаларымен кездеседі.
2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлемдік доданы 3–27 қараша аралығында Катар қабылдайды. Турнир тұңғыш рет 48 команда қатысатын кеңейтілген форматта өтеді. Барлық құрама 12 топқа бөлінді. Әр топтан екі үздік команда мен үшінші орын алған ең мықты сегіз құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.