
Сербия кубогының финалында қауіпсіздік мәселесі үлкен дауға айналды. "Црвена Звезда" мен "Воеводина" арасындағы кездесуде (3:0) трибунадан алаңға тасталған петарда ойын барысын бұзып, бірнеше ойыншы жарақат алды.
Матч кезінде “Црвена Зведа” клубы жанкүйерлерінің лақтырған петарда пенальти алаңының ортасына түсті. Жарылыс ойын кезінде болып, ойыншылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірді.
Петарда “Воеводина” ойыншысының жанында жарылып, оның денсаулығына әсер еткен. Сонымен қатар “Црвена Звезда” құрамындағы екі футболшы да жарылыс салдарынан жерге құлады.
Көптеген елде мұндай жағдайлар болса, ойын тоқтатылып, стадиондағы тәртіп бұзушылар шұғыл шығарылар еді. Алайда бұл жолы Сербияда матч тек уақытша тоқтатылды. Бас төреші Павле Илич жарылыстан есеңгіреген ойыншыларға келулеріне уақыт беріп, артынша ойынды жалғастырды.
Бұл шешім жанкүйерлер мен сарапшылар арасында үлкен талқылау тудырды. Сербия футбол қауымдастығы мұндай қауіпке бейжай қарамауы тиіс деген пікірлер жиі айтылуда.