"Қайрат" еурокубоктарда гол соққан бразилиялық шабуылшыны қатарға қосады

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 16:33

Алматытың "Қайраты" Словения чемпионаты мен еурокубоктарда көзге түскен 28 жастағы Эдмилсонмен келіссөз жүргізіп жатыр.

nk-celje.si

Еурокубоктарда ойнаған сұрмерген

Эдмилсон соңғы екі маусымда словениялық "Целе" клубының намысын қорғады. Осы кезеңде ол 73 кездесуге қатысып, 19 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді. Оның көмегімен "Целе" ел біріншілігін жеңіп, Словения кубогының иегері атанды.

Ең әсерлі жетістіктерінің бірі – УЕФА Конференциялар лигасындағы ойын. 2024/25 жылғы маусымда Эдмилсон бастаған "Целе" ширек финалға дейін жетіп, тек Италияның "Фиорентина" клубына жол берді. Осы турнирде бразилиялық футболшы Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасының қақпасына екі гол соқты.

Эдмилсон "Целе" сапында. ФОТО: nk-celje.si

Алматыдағы жаңа белес

Қазір Эдмилсон Алматыда. Келісімшарт жақын күндері жарияланады. Егер келісім рәсімделсе, футболшы Қазақстан премьер-лигасында "Жетісуға" қарсы алғашқы ойынына шыға алады.

"Қайрат" Смоловқа қызыққан ба еді?

Бұған дейін кейбір ақпарат көздері "Қайраттың" шабуыл шебін Ресей құрамасының экс-ойыншысы Федор Смолов толықтыруы мүмкін екенін жазған. Алайда клубтың баспасөз қызметі бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.