"Отбасымызға қош келдің!" "Қайратқа" Еуропа Лигасында ойнаған шабуылшы қосылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.06.2025, 13:00

24 жастағы бразилиялық сұрмерген чехиялық «Виктория» Пльзень клубынан бір жылға жалға алынды.

NUR.KZ

Алматылық "Қайрат" футбол клубы ресми түрде бразилиялық шабуылшы Рикардиньоның команда сапына қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram желісінде хабарлады.

«Қайрат» пен чехиялық «Виктория» Пльзень командалары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны 1 жылға жалға алу туралы келісімге келді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Рикардиньо кім?

Толық аты-жөні – Рикардо Виана Фильо. Ол Бразилияның Сан-Паулу штатында дүниеге келген, футболдағы алғашқы қадамдарын дәл осы аттас клубтың академиясында бастаған.

Кәсіби мансабы мынандай клубтарда жалғасқан:

  • «Гремио» – алғашқы кәсіби тәжірибе;
  • «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) – шабуыл шебіндегі орнығу кезеңі;
  • «Маритиму» (Португалия) – Еуропадағы алғашқы қадам;
  • «Левски» (Болгария) – 56 матч, 20 гол, 8 нәтижелі пас;
  • «Виктория» Пльзень (Чехия) – УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысу;
  • «Маккаби» Хайфа (Израиль) – 11 матч, 1 гол (2025 жылдың алғашқы жартысы).

"Қайрат" не күтеді?

"Қайрат" сапына қосылған Рикардиньо – гол соғуға бейім әрі еуропалық тәжірибесі мол шабуылшы. Клуб жанкүйерлері оның нәтижелі ойынына үлкен үміт артып отыр.