Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Сити" Абдукодир Хусановты жалға беруден бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
22.06.2025, 17:35

Француздар ойыншыны Райан Шерки трансфері аясында уақытша өз қатарларына қосуды көздеген. Бірақ "Сити" бұл ұсынысты үзілді-кесілді қабылдамаған.

ksl.com
Реклама
Реклама

Неліктен "Лионның" таңдауы дәл Хусановқа түсті? 

"Лион" мен "Сити" арасындағы келіссөздер Шерки трансфері төңірегінде өрбіген. Осы келісім аясында ағылшындар өз ойыншыларының бірін уақытша беруге дайын болған, ал француз тарабы таңдауын Абдукодир Хусановқа түсірген. Бірақ "Сити" қорғаушыны ақысыз арендаға жіберуге келіспеді.

"Бұл – клубтың өз ойыншысын болашақ инвестиция ретінде бағалайтынын көрсетеді. Хусанов тек келіссөздегі айырбас құралы емес", – деп жазады L’Équipe.

Хусановтың Еуропадағы абыройы артып келеді

Хусанов ағылшындық грандқа қыста "Ланстан" ауысқан. Қазір ол клубтық әлем чемпионатында "Сити" сапында ойнайды. Жас қорғаушының "Лион" секілді клубтар тарапынан қызығушылық тудыруы оның Еуропадағы беделі артып келе жатқанын аңғартады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары