Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Муай-тай шеберлері Азия чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
26.06.2025, 16:33

Вьетнамдағы құрлықтық чемпионатта Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Таиландтан кейін екінші орынға тұрақтады.

rambler.ru
Реклама
Реклама

Жиырма елдің ішінен үздік нәтиже

Қазақстан құрамасы биылғы Азия чемпионатына 24 спортшымен қатысты. Жарысқа Азия және Тынық мұхиты аймағынан 20 елден 200-ге жуық спортшы жиналды.

Спортты дамыту дирекциясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, ел намысын қорғаған спортшылар A санатында (ересектер мен 23 жасқа дейінгілер) 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль иеленген.

Әбіл Ғалиев– екі дүркін Азия чемпионы

Ұлттық құрама капитаны Әбіл Ғалиев тарихи жетістікке жетті. Ол муай-тайдан екі мәрте Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық ретінде спорт тарихында қалды.

Даяна Дүйсенғали – үздік әйел спортшы

Даяна Дүйсенғали чемпионат барысында ерекше көзге түсіп, "Турнирдің үздік әйел спортшысы" деген марапатқа ие болды. Бұл оның шеберлігі мен еңбекқорлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әділетті ойынның символы – Қазақстан құрамасы

Азия муай-тай федерациясы (FAMA) Қазақстан ұлттық құрамасына "Best fair play team" – "Ең әділ ойнаған команда" атағын табыстады. Бұл марапат – спортшыларымыздың тек нәтижемен емес, спорттық мәдениетімен де ерекшеленгенін көрсетеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары