Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бақтиер Зайнутдиновтың болашағына қатысты үкім шығарылды

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 18:34

Мәскеудің «Спартагы» жартылай қорғаушыға қызығушылық білдіріп отыр. Бұған дейін «Зенит», «Динамо» және ЦСКА да оны қайтаруға ниет танытқан.

arena.olimpbet.kz
arena.olimpbet.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы мен түріктің «Бешікташ» клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновтың болашағына қатысты болжам айтылды. 

Ресейлік спорт журналисі Александр Троицкий өзінің «Азия-Спорт» телеграм-арнасында «Спартак» клубының Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырғанын хабарлады. Журналистің айтуынша, Бақтиердің мансабы қайтадан Ресей чемпионатына оралуы мүмкін.

«Бақтиерге Мәскеудің “Спартагы” қызығып отыр. Бұған дейін “Зенит” пен “Динамо” да қызығушылық танытты. Тіпті, ЦСКА-ға қайта оралады деген сыбыс шықты. “Реал Мадрид” туралы да әңгімелер болды, бірақ ол әзірге шындыққа жанаспайды», — деп жазады Троицкий.

Баға мен жарақат мәселесі

Түркиялық «Бешікташ» клубы Бақтиердің трансфері үшін 4 миллион еуро сұрап отыр. Алайда журналист бұл бағаның астарында ирония бар екенін де жасырмайды:

«Ойнап алды, жарақаттады, енді қайтармақшы...», — деп жазды ол.

Өткен маусымдағы көрсеткіштері

2024 жылғы маусымда Зайнутдинов жарақатына байланысты небәрі 12 матчқа қатысып, бір ғана нәтижелі пас берген. Бұл сандар оның толыққанды маусым өткізе алмағанын көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір