Реклама
Реклама

"Әдемі ойын!" — Нұралы Әліп "Зениттің" жаттығуында жарқ етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 14:06

"Зенит" сапында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп жаттығу кезінде керемет гол соғып, командадағы әріптестерін тәнті етті. Бұл сәттің видеосын Санкт-Петербург ұжымының баспасөз қызметі жариялады.

vecherka-spb.ru

Әліптің голы — клубтың Instagram парақшасында

Тараған видеода Нұралы жаттығу кездесуінде серіктесінен тамаша пас алып, допты еш кедергісіз қарсылас қақпасына бағыттайды. Бұл көрініс “Зенит” ойыншыларының қолдау мен қошеметіне ие болды.

Клубтың Instagram парақшасы қазақ тілінде жазба қалдырды:
“Әдемі ойын!” — деп.

Бұл жазба жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, қазақстандық ойыншының дарынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әліп пен “Зенит” РПЛ-де қай орында?

Ресей Премьер-Лигасының алғашқы үш турында Нұралы Әліп ойнап жүрген "Зенит" 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 7-орында тұр. Қазір көш бастап тұрған команда — Мәскеудің "Локомотиві", оның еншісінде 9 ұпай бар.

Реклама
Реклама