Реклама
Реклама

Криштиану Роналдуның жаңа серігі – Кингсли Коман! Трансфер құны таңқалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
12.08.2025, 12:10

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жұлдызды құрамын тағы бір әлемдік деңгейдегі ойыншымен толықтырды. Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлағандай, франциялық вингер Кингсли Коман 30 миллион еуроға саудиялық клубқа ауысты.

фото: ашық дереккөздерден алынған

Команның мансабы және жетістіктері

28 жастағы Кингсли Коман – соңғы онжылдықтағы еуропалық футболдың ең тұрақты және табысты ойыншыларының бірі. Ол:

  • «Пари Сен-Жермен» сапында Франция чемпиондығын жеңіп алды;
  • «Ювентус» құрамында Италия чемпионатында топ жарды;
  • «Бавария» сапында сегіз маусым қатарынан Бундеслига чемпионы атанып, 2020 жылы Чемпиондар Лигасында шешуші голдың авторы болды.

Карьерасының басты ерекшелігі – ол кәсіби футболдағы әр маусымында кемінде бір ұлттық лига титулын жеңіп алған.

«Әл-Насрдың» амбициясы

Соңғы жылдары «Әл-Наср» Криштиану Роналду, Садио Мане, Марсело Брозович сияқты әлемдік жұлдыздарды қатарға қосып, Азиядағы ең беделді клубтардың біріне айналды. Команның келуі команданың шабуылдағы жылдамдығы мен шығармашылық мүмкіндігін арттырады деп күтілуде.

Реклама
Реклама