ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

“Сити” жұлдызы “Эвертонға” жалға кетті

Белгілі трансфер инсайдері Фабрицио Романо хабарлағандай, “Манчестер Сити” мен “Эвертон” Джек Грилишті 2025/26 маусымына жалға беру туралы келісімге келді.

“Сити” жұлдызы “Эвертонға” жалға кетті
фото: ашық дереккөздерден алынған

The Guardian дерегіне сүйенсек, келісім маусымдық жалға беруді қамтиды және шартта сатып алу опциясықарастырылған. Дегенмен, £50 миллиондық баға “Эвертон” үшін тым жоғары болуы мүмкін.

Sky Sports та келісімнің жасалғанын мәлімдеп, бірақ ресми растаудың әлі шықпағанын атап өтті.

29 жастағы Грилиш өткен маусымда премьер-лигада бар болғаны жеті матчты негізгі құрамда бастады. Ол тіпті Клубтық әлем чемпионатының тізіміне енбей қалды.

Ағылшындық жартылай қорғаушының апталық жалақысы £300 000 шамасында. Келісім бойынша, бұл жалақының бір бөлігін “Эвертон” төлейді. The Sun дерегінше, Грилиш алдағы күндері медициналық тексеруден өтіп, келісім жақын арада ресми түрде жарияланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.