Бельгиялық қорғаушы Кони Де Винтер енді ресми түрде «Милан» футболшысы атанды. Клуб ойыншымен 2030 жылға дейін жарамды ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
Де Винтер миландық команданың құрамында 5-нөмірмен өнер көрсетеді. Итальяндық журналист Джанлука Ди Марцио хабарлағандай, трансфер құны бонустарды қоса алғанда 23 миллион еуроны құрады.
«Ювентус» академиясының түлегі Де Винтер соңғы екі маусымда «Дженоа» сапында жарқырап, Италияның басты таланттарының бірі ретінде көзге түсті. Өткен маусымда ол Серия A-да 25 матч өткізіп, 3 гол соқты.
«Милан» бельгиялықты Малика Тшаудың кетуінен кейін қорғаныс шебін күшейтетін негізгі ойыншы ретінде таңдады. Клуб басшылығы оның жастығы мен тәжірибесінің үйлесімі команданың ұзақмерзімді жоспарына сай келетініне сенімді.
Бұл трансфер тағы да «Дженоаның» қорғаныс шебінде үздік ойыншыларды тәрбиелеп, кейінірек ірі клубтарға сатудағы беделін дәлелдеді. Өткен жылы Раду Драгушиннің «Тоттенхэмге» ауысуы секілді, енді Де Винтердің жолы жалғасын тапты.