Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Үздік еурокубоктық жетістік". "Қайрат" УЕФА тарапынан мақтау алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:08

УЕФА Алматының «Қайратын» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққаны үшін ерекше атап өтті. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

УЕФА Алматы клубының Чемпиондар лигасындағы ойынын «тарихтағы ең үздік еурокубоктық нәтиже» деп бағалады.

УЕФА-ның ресми мәлімдемесі

«Қазақстан тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында ел атынан клуб ойнайды. Алматының «Қайраты» сырт алаңда Братиславаның «Слованын» пенальти сериясында жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұған дейін қазақстандық жалғыз өкіл «Астана» 2015/16 маусымында топтық кезеңге шыққан еді. «Қайрат» болса, ең кемінде Еуропа лигасының топтық кезеңін қамтамасыз етіп, өз тарихындағы ең үздік еурокубоктық көрсеткішке қол жеткізді», – деп жазды УЕФА.

Плей-оффтағы қарсылас

Алматылықтарға плей-офф кезеңінде Еуропаның әйгілі клубтарының бірі – 1967 жылғы Кубок иегері «Селтик» қарсы тұрмақ.

  • Алғашқы матч: 20 тамыз, Глазго.
  • Қайтар матч: 26 тамыз, Алматы.

Бұл нәтиже қазақстандық футбол үшін үлкен серпіліс саналады. «Қайрат» тек өз жанкүйерлерін ғана емес, бүкіл елді қуантты. Енді алматылық команда Чемпиондар лигасы тарихында Қазақстанның атын екінші мәрте жаздыруға бір қадам жақындады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары