Соңғы минуттағы драма: "Ливерпуль" АПЛ маусымын жарқын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымы әсерлі басталды. Чемпиондық атағын қорғап жатқан "Ливерпуль" "Борнмутты" қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесуде Арне Слот төрт бірдей жаңа ойыншысын негізгі құрамға қосты: Джереми Фримпонг, Милош Керкез, Флориан Вирц және Уго Экитике. Ал “Борнмут” Джордже Петрович, Бафоди Диаките және Адриен Трюфферді алғаш рет шығарды.
Голдар хронологиясы
- 37-минут – Уго Экитике есеп ашып, “Ливерпульді” алға шығарды.
- 49-минут – Коди Гакпо есепті 2:0-ге жеткізді.
- 64-минут – “Борнмут” шабуылшысы Антуан Семеньо бір доп қайтарды.
- 76-минут – Сол Семеньо дубль жасап, есепті теңестірді – 2:2.
- 89-минут – Федерико Кьеза шешуші гол соғып, “Энфилд” стадионын дүр сілкіндірді.
- 90+4-минут – Мұхаммед Салах соңғы нүктені қойды – 4:2.
Өткен маусымның нәтижесі
Өткен маусымда Арне Слот шәкірттері 84 ұпаймен чемпион атанған. Ал “Борнмут” 56 ұпай жинап, турнирлік кестенің тоғызыншы сатысына тұрақтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet