Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайрат" пен "Елімай" Алматыда голға толы триллер сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
16.08.2025, 20:06

Алматының "Қайраты" өз алаңында Семейдің "Елімайымен" кездесіп, Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында жанкүйерлерге нағыз гол шоуын ұсынды. 

instagram/@fc_elimai
Реклама
Реклама

Ойын барысы

Матчтың алғашқы минуттарында-ақ алаң иелері басымдықты өз қолына алды. Валерий Громыконың бұрыштамасынан кейін Эдмилсон баспен соққы жасап, қақпашы Максим Ковальдың қателігін тиімді пайдаланды — 1:0.

37-минутта сол Эдмилсон дубль авторы атанып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда тайм соңында Иван Свиридов қонақтар сапынан бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты — 2:1.

"Елімайдың" камбэгі

Екінші тайм басында алматылықтар шабуылды үдеткенімен ойын тізгіні "Елімайға" өтті. Фессу Плакка 62-минутта таразы басын теңестіріп, 83-минутта дубль авторы аианды.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңістен кейін "Елімай" 35 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына көтерілді. Ал "Қайрат" 43 ұпаймен әлі де көш басында тұр.

"Қайрат" (Алматы) — "Елімай" (Семей) 2:3 (2:1)

Голдар: Эдмилсон 15 (1:0), Эдмилсон 37 (2:0), Свиридов 45 (2:1), Плакка 62 (2:2), Плакка 83 (2:3).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары